Еліміздің колонияларына «электронды дүкен» енгізілуде

12 Шілде 2021, 12:16
2175
Бөлісу:
Еліміздің колонияларына «электронды дүкен» енгізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ерлан Тұрғымбаев сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету қызметін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы хабарлады.

Бұл тексеру, диагностика және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне неғұрлым кең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Онымен қоса, медицина қызметкерлеріне мекемелердің әкімшілігінен тәуелсіз қызмет ететін болады. Бұл өз кезегінде заңсыз әрекеттердің ықтимал фактілерін жасыруды жояды, - деді министр.

Сонымен бірге ұстау жағдайларын жақсарту бөлігінде былтырғы жылдың ақпан айында сотталғандардың тамақтану нормалары 40%-ға, сәлемдемелер мен сауқаттардың рұқсат етілген салмағы үштен бірге артқанын мәлімдеді.
Өзімен бірге алып жүруге, сәлемдемелерді алуға және сатып алуға рұқсат етілетін заттардың тізбесі кеңейтілді. Өткен жылдан бастап колонияларда «электронды дүкендер» енгізіле бастады. Сондай-ақ кездесулер саны артты, - деді ол.
Министрдің сөзінше, тағы бір маңызды мәселе - бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды жұмыспен қамту.

Жұмысқа орналастырылған сотталғандардың саны өткен жылдан бастап 38%-дан 49%-ға дейін артты, - деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Оның айтуынша, бұл олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Сонымен қатар жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды төлеуге және отбасына жіберіп отыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы