Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11-13 қаңтардағы ауа райына арналған болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, елімізге келген солтүстік-батыс антициклоны аязды тудырады.
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де солтүстік- батыс антициклоны ықпал етуде: кей жерлерде 30, жалпы 20-25 С-қа дейін аяз болады . 12 қаңтарда солтүстік және оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімді көтеріледі . Алайда 13 қаңтарда суық солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, өзімен бірге еліміздің солтүстік-батысы, солтүстік, шығыс және орталыққа қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі, - делінген хабарламада .
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, сондай-ақ ауа температурасының 2-10 градусқа біртіндеп көтерілуі мүмкін.