Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі айтты. Ол өскелең ұрпақты елдегі қазба байлықтарымен жұмыс істеуге баулудың маңыздылығын алға тартты.
Сол мақсатта 2010 жылдан бастап Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер геологиялық қозғалысы табысты дамып, күш алып келеді.
Жас геологтардың қозғалысын және оқушылардың жоғары оқу орнына дейінгі геологиялық дайындығын қолдау мақсатында «Жас геолог» корпоративтік қоры құрылды. Қазіргі уақытта 40 үйірме жұмыс істейді, онда Қазақстанның 19 қаласынан 600-ден астам оқушы айналысады. Сабақ барысында балалар топографиялық картамен және геологиялық компаспен жұмыс істеуді, жатыс элементтерін өлшеуді және жыныс қабаттарының қуатын анықтауды, минералдар мен тау жыныстарын табуды және олардың сипаттамасын жасауды үйренеді, - деді вице-министр.
Сондай-ақ Қазақстанның үздік командалары жыл сайын жас геологтардың шетелдік олимпиадаларына және жер туралы ғылымдардың халықаралық олимпиадасына (IESO) қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Мұндай дарынды балаларды қолдау керек, өйткені көбіне мектеп жылдарының қызығушылығы мамандыққа айналады. Қордың мәліметінше, бүгінгі таңда 50-ден астам бала геолог мамандығын таңдаған, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айта кететін жайт, қазақстандық ашық дала олимпиадалары 2 жылда 1 рет өткізіліп тұрады.
Бұған дейін еліміздегі алтын кен орындары ең көп шоғырланған өңір туралы жазған болатынбыз.