Еліміздің бірқатар өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды

12 Қаңтар 2022, 21:04
1619
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                      Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы  12    қаңтар             

                    №  763 

Павлодар облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                              Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 12 қаңтар       

                    № 764

Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

2022 жылғы 12 қаңтар

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                       Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 12 қаңтар

                    № 765

Өзгелердің жаңалығы