Еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейеді – Қазгидромет

Еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейеді – Қазгидромет
568

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірнеше облысында күн райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, 2-4 сәуір аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 2-3 сәуірде түнде 1-6 градус, 4 сәуірде 2 градус үсік жүреді.

Тараз қаласынжа 2-4 сәуірде кей уақытта тұман түседі. 2-3 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 2-3 сәуірде түнде 1-3 градус үсік жұреді.

2 сәуірде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

2 сәуірде Алматы облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Түнде 1-6 градус үсік жүреді.

Алматыда 2 сәуірде түнде 1-3 градус үсік жүреді. Қонаевта 2 сәуірде түнде 3-5 градус үсік жүреді.

2 сәуірде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады,жылдамдығы 15-20 м/с.

2 сәуірде Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с.

Қызылордада 2 сәуірде шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

2-4 сәуірде Жетісу облысының Алкөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 17-22, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан асады.

2 сәуірде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік жүреді.

Талдықорғанда 2 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с. Түнде 4-6 градус үсік жүреді.

2 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.

Шымкентте 2 сәуірде күндіз найзағай ойнайды.

2 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с.

2 сәуірде Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, түнде облыстың батыс жартысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с болады.

Жезқазған қаласында 2 сәуірде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

2 сәуірде түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтауда 2 сәуірде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

2 сәуірде Ақтөбе облысының түнде орталығында, күндіз шығысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 2-3, түнде 4 сәуірде екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да асуы ықтимал.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы