Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

14 Қаңтар 2022, 15:19
1423
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының қауылсына сәйкес еліміздің бірнеше өңіріндегі терроризмге қарсы төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                         Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 қаңтар

                          №  769 

Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

2022 жылғы 14 қаңтар

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 739 Жарлығымен енгізілген Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                             Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 қаңтар

                         № 770

Қарағанды облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

2022 жылғы 14 қаңтар

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қарағанды облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 741 Жарлығымен енгізілген Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                              Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 қаңтар

                       №  771

Түркістан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

2022 жылғы 14 қаңтар

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Түркістан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 742 Жарлығымен енгізілген Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                      Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 қаңтар             

                         № 772

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де еліміздегі бірнеше облыстағы төтенше жағдай режимі алынып тасталғаны туралы хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы