Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

10 Наурыз 2023, 12:46
795
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болуы мүмкін
Фото: Іnform.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері бірнеше өңірде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлады BAQ.KZ.

10-12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облысы мен Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар күрт ериді.

Мұздықтар еріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі. Сондықтан өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы