Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

13 Қараша 2020, 17:47
1098
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қарашада Қазақстанның 7 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

14-16 қарашада Жамбыл облысында кей жерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с, 15 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.

14-15 қарашада Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз 14-15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с жетеді.

14 қарашада батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

14 қарашада Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

14 қараша күні Түркістан облысында тұман түседі. 

14 қарашада Ақмола облысында кей жерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20 жетеді.

14 қарашада Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы