Еліміздің басым бөлігінде қар жауады - Қазгидромет

18 Желтоқсан 2022, 10:35
1684
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады - Қазгидромет

Қазгидромет 18 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста жауын–шашын (жаңбыр, қар) болады. Моңғол антициклонының әсерінен ҚР орталығында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Алматы, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында – көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаяу бұрқасын күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы