Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

31 Желтоқсан 2022, 09:00
1268
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Синоптиктер 31 желтоқсан, сенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ел аумағының басым бөлігі әлі де циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан қар жауады.

Оңтүстікте, батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінің таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Елдің солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Өзгелердің жаңалығы