Еліміздің бас дәрігері қазіргі тарап жатқан супервирустан сақтану керектігін ескертті

21 Желтоқсан 2022, 17:45
1246
Бөлісу:
Еліміздің бас дәрігері қазіргі тарап жатқан супервирустан сақтану керектігін ескертті

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда тұмауды емдеу неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте ол елімізде вирус тарап жатқанын жеткізді.

Қазір Қазақстанда коронавирустың «Омикрон» штамы бар. Оның бірнеше түрі тіркелді. Вирус өзгеріп, қоғамда өмір сүруін жалғастыруда. Бүгінде елімізде COVID-19-дың «Цербер» штамы да бар. Тұмаудың 3 түрі де, шошқа тұмауы да, аденовирус та тіркелді. Біз инфекциялардың бір-біріне қосылып жатқанын көріп отырмыз. Суперинфекция – вирустар бір-біріне қосылуда. Осылайша, инфекциялар ауруды асқындырып жатыр, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Ажар Ғиният биыл өзінің қазанда тұмау мен коронавирусқа қарсы екпе алғанын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарға бір-бірімен кездескенде, ұшаққа отырғанда маска тағып жүруі керектігін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы