Еліміздің барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

19 Мамыр 2023, 19:13
1186
Бөлісу:
Еліміздің барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді
Фото: Антикор телеграм арнасынан

26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды.

Астана қаласында: Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармония ғимараты, Кенесары, 24 мекенжайы бойынша өтеді. Кіру тегін!

Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.

Өзгелердің жаңалығы