Еліміздің авиакомпаниясының паркі жаңа «Боинг - 737 МАХ9» кемесімен толықты

24 Желтоқсан 2022, 13:12
818
Бөлісу:
Еліміздің авиакомпаниясының паркі жаңа «Боинг - 737 МАХ9» кемесімен толықты

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп, әуе кемелер паркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 желтоқсанда «SCAT» авиакомпаниясының «Боинг - 737 МАХ9» жаңа әуе кемесі келді. Сыйымдылығы 213 орындық бұл ұшақ авиакомпанияның флотын 33 бірлікке дейін арттырады, оның ішінде 26 «Боинг» үлгісіндегі кемелер.

Әуе кемесін пайдалануға беру авиакомпанияның сыйымдылығына, кесте мен билеттер ұсынысының уақтылы орындалуына оң әсерін береді.

Осылайша, бұл әуе кемесі ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық авиакомпаниялар алған он бірінші әуе кемесі болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан айына дейін тағы 3 бірлік алынады деп күтілуде.

Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы