Еліміздің әскери қызметшілеріне тактикалық медицина оқытылады

Бүгiн, 19:41
155
Бөлісу:
Еліміздің әскери қызметшілеріне тактикалық медицина оқытылады
PHOTO
Фото: Ұлттық ұланы

Ұлттық ұлан Тактикалық медицина бойынша хаттама әзірлеу және бекіту туралы бастама көтерді, сондай-ақ телемедицинаны дамытуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының медициналық қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңес барысында айтылды.

 Тактикалық медицина — төтенше жағдайларда тікелей жүзеге асырылатын, жарақат алған әскери қызметшілердің өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені. Тактикалық медицинаның басты қағидасы — "алтын сағат" принципін ұстану, яғни жедел көмек жараланғаннан кейінгі алғашқы 60 минут ішінде көрсетілуі тиіс, бұл адам өмірін аман алып қалу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады, — дейді Ұлттық ұланның медицина маманы Ерек Ақласов.

Осы мақсатта, дағдарыс жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы стандартының тактикалық медицина хаттамасын әзірлеу және бекіту жоспарлануда. Соған сәйкес, әскери қызметшілер де тиісті бағытта оқытылатын болады. Бұл шешім табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, апаттар мен жаппай тәртіпсіздіктер салдарын жою кезінде ел ішінде де, елден тыс жерде де адам шығынын болдырмауға немесе өлім деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Еліміздің әскери қызметшілеріне тактикалық медицина оқытылады

Елордалық 5573 әскери бөлімінің штатында құқықтық тәртіп әскерінің әскери медицина мамандары курсанттармен практикалық сабақтар өткізуде. Тактикалық медицина курстары шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету кезіндегі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Осының арқасында әскери қызметшілер жауынгерлік жағдайларда тиімді әрекет етіп қана қоймай, курста алған дағдыларын азаматтық өмірде де қолдана алады. Сонымен қатар, жауынгерлік дайындық деңгейін көтеруге көмектеседі.

Дөңгелек үстел барысында әскерге телемедицинаны енгізу мәселе қозғалды. Бұл әскери қызметшілерге әскери-медициналық бөлімше мамандарының бірыңғай дерекқоры арқылы қашықтықтан дәрігерлік кеңес алуға мүмкіндік береді.

Жоба шұғыл жағдайларда аудио- және бейнебайланысты пайдалана отырып, дәрігерлермен жедел байланысуға жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, тактикалық медицинаны дамыту және телемедициналық технологияларды енгізу — Қазақстанда әскери медицинаның қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құруға маңызды қадам болмақ.

Өзгелердің жаңалығы