Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

29 Сәуір 2022, 22:19
1390
Бөлісу:
Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында екерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, батыстан, оңтүстіктен және облыс орталығынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау қаласында күндіз найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Орталықта, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталық бөлігінде найзағай ойнайды. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Маңғыстау облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, найзағай ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы