Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.
Ол Мажарстан және Қазақстан арасындағы Стратегиялық кеңесінің бесінші отырысында талқыланған мәселелер барысы туралы айтты.
Бүгінгі таңда еліміздің 800-ден астам азаматы Мажарстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда. «Стипендиум Хунгарикум» мажар білім беру бағдарламасы шеңберінде мажар тілінде оқуға қызығушылық танытқан студенттер саны артып келетінін атап өту қажет,- деді Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық Кеңестің 5-ші отырысының хаттамасы қабылдады.
Михай Варга мырзаның сапары және бүгінгі келіссөздеріміздің қорытындылары екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестік қарым-қатынастарды тереңдетуге қосымша серпін береді деп сенемін, -деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.