Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 Қараша 2020, 04:14
895
Бөлісу:
Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада және Қазақстанның жеті облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

13 қарашада Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Өскеменде 13 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Семейде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Павлодар облысында түнде кей жерлер көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі — 90-95%. 

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.  түнде Алматы облысының кей жерінде қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 13 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болад. Батыстан, солтүстік-батыстан күндіз кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, 

Оралда 13 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі — 90-95%. 

Солтүстік Қазақстан облысында 13, 14 қарашаның басым бөлігінде қар жауады. 13-14 қараша күндері кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 13 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, 25 м/с болады. 14 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады. Қызылжарда 13 қараша күндіз және 14 қарашада күні бойы көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. 13 қараша күні жл оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа райы болжамының дәлдігі — 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы