Еліміздің 6 өңірінде жолдар жабылды

Еліміздің 6 өңірінде жолдар жабылды
735

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, шектеулі көріну) алты өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс жабылды.  

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамымен танысқан жөн, - деді  ТЖМ ресми өкілі.

ТЖМ жедел штабы жол қызметтері, ІІМ, Қазгидромет және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс істеуде. Жабық учаскелерде жолдарды қардан тазалау үшін арнайы техникалар жұмылдырылды. Арнайы бекеттерде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. Жылыту пункттері іске қосылды.

Көлік нөпірінің жиналуына байланысты полиция және жол қызметтері кезек-кезегімен автоколонналарды ілестіріп, діттеген жеріне жеткізіп жатыр.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы