Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 өңірдегі жол учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол-ғ сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Сарышаған ауылынан Бурылбайтал ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді.
Батыс Қазақстан облысында «Атырау-Орал» тасжолының Атырау облысының шекарасынан Чапаев ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат жоқ.