Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 Сәуір 2020, 08:45
1133
Бөлісу:
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. Түнде солтүстікте 3 градус үсік күтіледі.

Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетуі ықтимал. Түнде ауа температурасы кей жерлерде минус 3 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Көкшетау қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

25 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді. 

Өзгелердің жаңалығы