Еліміздің Эфиопиядағы елшісі ауысты

19 Шілде 2019, 16:05
1522
Бөлісу:
Еліміздің Эфиопиядағы елшісі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы елшісі ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 


"Мемлекет басшысының Жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Өз кезегінде, Мемлекет басшысының Жарлығымен  Ерлік Әли Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды


Өзгелердің жаңалығы