Еліміздің бірнеше облысында және Елордада дабылды ескерту жарияланды

28 Қыркүйек 2019, 17:09
1463
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында және Елордада дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 қыркүйек күні еліміздің бірнеше облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.

Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 29-30 қыркүйекте кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 18
м/с-қа жетеді. 30 қырқүйек күні түнде көктайғақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %

Өзгелердің жаңалығы