Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

21 Маусым 2020, 20:50
1149
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 22 маусымда ауа райына байланысты бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады.

Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қаласында және Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі.

Тараз қаласында және Жамбыл облысында 40°С-қа дейін аптап ыстық болады.

Өзгелердің жаңалығы