Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

11 Қаңтар 2019, 17:20
1247
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Түркістан, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 қаңтарда Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласында 12 қаңтарда түнде тұман күтіледі.

Сонымен қатар, Қостанай облысының кей жерінде тұман, күндіз бұрқасын, жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз бұрқасын, жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 18 м/с күтіледі.

Бұдан басқа, Батыс Қазақстан облысында кей жерде қатты жауын-шашын, тұман, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Орал қаласында 12 қаңтарда жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 17 м/с-ке дейін күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 97-99%.      

Өзгелердің жаңалығы