Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жаууы мүмкін

27 Маусым 2019, 22:11
2555
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жаууы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады.

Атап айтқанда, 28 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерінде бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерде бұршақ. Солтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-шығысқа ауысып кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.   

Орал қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі.   

Атырау облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, қатты ыстық 35-38 градус күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы