Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

12 Маусым 2020, 11:52
1116
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. 

Солтүстік-батыс антициклоны еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықтың басылуын тудырады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында әрі қарай ауа температурасының жоғарылауы болжануда.


Өзгелердің жаңалығы