Еліміздің 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

27 Қазан 2019, 15:05
1729
Бөлісу:
Еліміздің 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай мен Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

27-28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

27 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с жетпек. 28 казанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

28 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда.

28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы