Еліміздің 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

10 Қазан 2019, 08:30
1588
Бөлісу:
Еліміздің 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі. 

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Теміртау қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Өзгелердің жаңалығы