Еліміздің 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

13 Шілде 2019, 08:28
1527
Бөлісу:
Еліміздің 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  13 шілде күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Шымкент пен Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы