Елімізден экспортталатын көмірдің 65 проценті Ресейге кетеді

11 Тамыз 2022, 22:06
1662
Бөлісу:
Елімізден экспортталатын көмірдің 65 проценті Ресейге кетеді

 Қазақстаннан экспорталатын көмірдің 65%-і Ресейге кетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Біздің өнім көрші елдің жылу эклектр станцияларын қуат көзімен қамтиды. Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» компаниясының жүк тасымалы бөлімі мәлімдейді.

 Олардың мәліметі бойынша, биыл 7 айда 62 миллион тонна көмір тиелген. Оның 19 миллионнан астамы экспортқа кетті.  Қазақстанның ішкі нарығына 42 млн тоннадан астам көмір жөнелтіліпті. 

Соның ішінде 37 миллионы жылу электр станцияларына болса, қалған 5 миллион тоннасы халыққа арналған. Соңғысы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26% көп. 

Ал Ресей көміріне салынған санкиця біздің экспортқа қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. 

 Экспортқа кеткен көмірдің 65%-і Ресейдің жылу электр станцияларына, 29%-і Еуропа елдеріне және 6%-і Орталық Азия елдеріне жөнелтілді. Жалпы жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге 19,6 млн тонна көмір экспортталды,- дейді  «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.

Өзгелердің жаңалығы