Еліміздегі әуежайлар өткен жылдан 43 % аз адам тасымалдады

6 Қазан 2020, 19:57
1445
Бөлісу:
Еліміздегі әуежайлар өткен жылдан 43 % аз адам тасымалдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі әуежайлар биылғы 8 айда шамамен 6,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішінен (11,8 млн адам) 47% аз.

Осы кезеңде 3,2 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш те өткен жылдың сәйкес кезеңімен (5,6 млн жолаушы) салыстырғанда 43% төмен.

Бұған әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан аумағында әуе рейстерін орындауға енгізілген шектеулер әсер етті.

Қазіргі уақытта ішкі рейстер, сонымен қатар Оңтүстік Корея, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Түркия, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет және Ресей сияқты 11 елге тікелей халықаралық жолаушылар рейсі орындалуда.

Барлық рейстер ҚР Көліктегі Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің шараларын қатаң сақтай отырып, орындалады.

Еліміздің барлық әуежайларында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылып, карантиндік шаралар (әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу, қолғап кию) сақталады. Әуежай ғимараттарына кіреберісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында қашықтық сақтап, термометриямен өлшеу жүргізіледі.


Өзгелердің жаңалығы