Еліміздегі лудомандар қалай емделеді

Бүгiн, 15:20
199
Бөлісу:
Еліміздегі лудомандар қалай емделеді
Фото: BAQ.KZ - архив

Лудомандарды диспансерлік есепке қоймай емдеудің жаңа тәртібі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты.

Жаңа тәртіп лудомандарды сапалы тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Лудомандар мемлекеттік клиникалардан көмек сұрамайтыны белгілі. Есепке алынған азаматтар ЖОО-ға түсе алмайды, әскерде қызмет ете алмайды және жұмысқа орналаса алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 19 лудоман ресми есепте тұр. Әрине, бұл статистика нақты жағдайды көрсетпейді. Пациенттердің көбі өте көп ақша жұмсап, жеке ұйымдарда оңалтудан өтеді. Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимдік қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы