Еліміздегі екі жетекші оркестрдің музыкалық аспаптары жаңартылды

4 Желтоқсан 2022, 11:42
773
Бөлісу:
Еліміздегі екі жетекші оркестрдің музыкалық аспаптары жаңартылды
PHOTO

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің алдағы 90 жылдығы және Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің 40 жылдық мерейтойына орай екі оркестрге 40 домбыра тарту етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Биыл біз шығармашылық ұжымдармен көптеген кездесулер өткіздік. Ашық диалог барысында көтерілген басты мәселелердің бірі – музыкалық аспаптарды жаңарту және сатып алу қажеттілігі. Бұл көп күттірмей шешуді қажет ететін қордаланған мәселе болды. Сондықтан біз демеушілік қаражат есебінен бұл жұмысты қолға алу туралы шешім қабылдадық. Бірден шебер Жолаушы Тұрдығұловқа 40 домбыра жасаттық. Бүгін сол домбыраларды өздеріңізге табыстап отырмыз. Осы жобаның іске асуына демеу көрсетіп, атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын, – деді Дәурен Абаев. 

Еліміздегі екі жетекші оркестрдің музыкалық аспаптары жаңартылды

Домбыралар кәсіпкер және меценат Тимур Тұрловтың жеке қаражаты есебінен сатып алынды.

Өзгелердің жаңалығы