Еліміздегі демографиялық ахуал қандай?

11 Қараша 2022, 15:57
1313
Бөлісу:
Еліміздегі демографиялық ахуал қандай?

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 691,9 мың адам, оның ішінде қалалықтар – 12 151,7 мың (61,7%), ауылдықтар – 7 540,2 мың адам (38,3%), деп хабарлайды BAQ.KZ. 

2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 188,7 мың адамға немесе 1 %-ға өсті.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда  (201,2 мың адам) 1,6%-ға кеміп, 198 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,49 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 299,7 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға аз (338,8 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті  20,41.

Қарастырылып отырған кезеңде 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылдың алғашқы тоғыз айына қарағанда 26,1%-ға аз (137,6 мың адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 6,92 қайтыс болған.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 2 453 нәрестенің шетінеуі тіркелді және былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2 682 шетінеген нәресте) көрсеткіш 8,5%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,18 оқиға.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар- қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға 10 995 адам келді. Ал елімізден 20 341 адам кетті, көші-қон айырымы – -9 346 адам. 

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,4%  және 84,8%.

 Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 0,7%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (27 741 адам), Астана (26 676 адам) және Шымкент (2  251 адам) қалаларында.

Өзгелердің жаңалығы