2021 жылы 2 689 609 оқушы үйірмеге барған. 2020 жылмен салыстырғанда үйірмеге қатысатын оқушылар саны 508 мыңға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Балалар ең көп барған үйірмелер:
Көркем сурет-эстетика - 309 мың бала;
Волейбол - 237 мың бала;
Футбол және тіл үйірмелеріне (әрқайсысы 213 мың адамнан) қатысқан.
Балалар аз барған үйірмелер:
Теннис - 77 мың адам;
Экология - 67 мың адам;
Күрес - 43 496 мың адам;
Туризм және өлкетану - 32 мың адам.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қысқы спорт түрлерімен байланысты үйірмелерге баратын балалар саны азырақ (12 мың адам).
Қазақстанда үйірме саны 2020 жылы 87 460-тан 2021 жылы 113 752-ге дейін өскен