Еліміздегі 795 колледжде 470 мыңға жуық студент білім алады

28 Тамыз 2021, 01:39
3767
Бөлісу:
Еліміздегі 795 колледжде 470 мыңға жуық студент білім алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова колледждерде оқу үдерісі қалай ұйымдастырылатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, жаңа оқу жылында еліміздегі 795 колледжде 470 мыңға жуық студент білім алады.

Бірінші курсқа 150 мыңнан астам студент келеді. Колледждердің жобалық қуаттылығы оқуды штаттық форматта жүргізуге толық мүмкіндік береді. Колледждерге оқу пәндерінің 20%-ын қашықтан өткізуге рұқсат етіледі. Зертханалық, практикалық сабақтар және өндірістік практика штаттық режимде өткізіледі. Инфекциялық ауру белгісі және ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер қажет болған жағдайда қашықтан оқытылады, – деді Шолпан Каринова.
Өзгелердің жаңалығы