Еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізіледі

8 Қараша 2019, 00:15
4806
Бөлісу:
Еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қараша айының соңына дейін еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізілетін болады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған бұзушылықтар аталған тексеру жұмыстарының негізі болып табылады.

Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталуда. Атап айтсақ, бұл "Қайнар" академиясы, "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты және "Азаматтық авиация" академиясы.

Заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салу және білім беру қызметі бойынша лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралатын болады, - делінген хабарламада.

Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы