Елімізде жыл басынан бері 122 орман өрті тіркелді

16 Мамыр 2023, 22:35
1431
Бөлісу:
Елімізде жыл басынан бері 122 орман өрті тіркелді
Фото: ortalyq.kz

Жыл басынан бері елімізде 122 орман өрті тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 19 мың гектардан асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр 111 дала өрті тіркеліп, қызыл жалын 55 мың гектарды шарпыды. Салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, 500-ге жуық бас мал өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.

Биыл өрт қауіпті кезең басталғаннан бері екі дала өрті тіркелді, олардың ауданы – 780 гектар. Бұдан басқа тағы 605 дала өрті тіркелді, олардың жалпы ауданы 2 503 гектарды құрады. Өңірлердегі температуралық фонның ұлғаюы, екпінді жел салдарынан өрттің тез дамуы тұрғын үй секторында өрт жағдайын нашарлататынын айта кету керек, - деді ведомство өкілі Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы