Елімізде жұмыртқа құны бір жылда 33% қымбаттады. Оған не түрткі болды?

30 Наурыз 2021, 13:54
2916
Бөлісу:
Елімізде жұмыртқа құны бір жылда 33% қымбаттады. Оған не түрткі болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында фермерлер 613,4 млн жұмыртқа өндірді. Бұл - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,9%-ға төмен.

Жалпы жұмыртқа өндірісінің тең жартысы үш өңірде шығарылады: Ақмола облысы (109,4 млн жұмыртқа, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен -18,6% төмен), Алматы облысы (107,8 млн жұмыртқа, 24,7%-ға төмендеген) және Қарағанды облысы (99,6 млн жұмыртқа, 1,4%-ға төмендеген).

Елімізде жұмыртқа құны бір жылда 33% қымбаттады. Оған не түрткі болды?

Бұл өңірлерде «Алсад Казахстан» ЖШС, «Алматы құс фабрикасы «Сұңқар» ЖШС, «Қазгер-құс» ЖШС, «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «К. Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС және т.б. компаниялар жұмыс істейді.

2020 жылы Қазақстанның құс өсіруші фабрикалары 5 млрд жұмыртқа алды. Бұл 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,4%-ға аз.

Былтыр қаңтар-желтоқсан аралығында отандық фермерлер жұмыртқаға деген сұранысты 95,4%-ға (ішкі нарықпен қатар эскпортқа да шығарылды) қамтыды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 97,6%-ға жеткен еді. Осы кезеңде өндіріс қысқарған кезде импорт көлемі 1,8 есе өсіп, 245,9 млн жұмыртқа шығарылды.

Экспорт үлесі 4%-ды құрады. Қазақстан тек 210,8 млн жұмыртқаны экспорттады. Бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда екі есе аз. Ішкі нарықта 5 млрд жұмыртқа сатылды. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 2,7%-ға азайған.

2021 жылдың ақпанында 1-категориялы жұмыртқаның құны жылдық есеппен 32,9%-ға, ал айлық есеппен 3,6%-ға қымбаттады. Дүкендер мен базарларда он жұмыртқаның құны 411 теңгеге жетті. Ең қымбат жұмыртқа Алматыда сатылады екен (өңірде 10 жұмыртқа 474 теңге тұрады). Ал ең Арзан жұмыртқа Петропавлда екені анықталды (аймақта он жұмыртқаның құны 340 теңге екен).

Елімізде жұмыртқа құны бір жылда 33% қымбаттады. Оған не түрткі болды?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, елдегі ең ірі 34 құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері анықталған.

Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа бағасының өсімі 11,5%-ды құрады (былтыр осы кезеңде жұмыртқа бағасы 1,4%-ға төмендеген еді). Бұл ретте бағаның өсіміне құс тұмауы мен жаппай қырылу салдарынан құс санының азаюы әсер еткені де айтылды.

Өзгелердің жаңалығы