Елімізде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25 пайызға қымбаттады

8 Маусым 2023, 13:24
689
Бөлісу:
Елімізде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25 пайызға қымбаттады
Фото: BAQ.KZ

Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, жиһаз бен тұрмыстық заттар бір жылда бірден 24,6% қымбаттады. Бір жыл бұрын сектордағы баға 13,3% өскен еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Naryk.kz -ке сілтеме жасап.

Өңірлер ішінде жиһаз мен тұрмыстық заттар бағасының ең көп жылдық өсімі Астанада байқалды: бірден 53,1%. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Сектордағы бағаның ең аз өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 7,8%. Одан кейін Павлодар және Жамбыл облыстары: тиісінше 11,7% және 14,5%.

Жиһаз сегментінде жатын бөлме жиһаздарының бағасы айтарлықтай өсті: бір жылда 28,2%. Көйлек пен ішкиімге арналған шкаф 27,7%, үстел 23,9%, диван-төсек 23,2%, орындық 21,9% қымбаттады. Ай сайынғы өсу динамикасын қарастыратын болсақ, биыл сектордағы бағаның ең көп айлық өсімі наурызда байқалды: 2,3%. Мамырда жиһаз және тұрмыстық заттар 0,5% қымбаттады, – деп жазылған ақпаратта.

Сондай-ақ ас үй жиһазы өндірісі айтарлықтай төмендеді. Биыл қаңтар-сәуірінде бірден 28,1 мың данаға дейін азайды.

Биыл қаңтар-сәуір айларында жиһаз өндірісі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде металл жақтаулары бар орындық және басқа да арнайы отыратын жиһаздар өндірісі 312,1 мың дана болды, бұл 2022 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 18,1% аз. Ағаш кеңсе жиһазының өндірісі 76,6 мың дананы құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,6% аз, – делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы