Елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталды

6 Ақпан 2023, 10:17
1797
Бөлісу:
Елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталды
Фото: halyqline.kz

Елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында қабылданып жатыр. 

Өтінім беру үшін ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) талап етіледі. Бағдарламаға кредиттік тарихы жақсы, төлемге қабілетті ҚР азаматтары қатыса алады.

Қандай жағдайда өтініш кері қайтарылады: 

- Өтініш беруші бағдарлама арқылы бұрын автонесие алған болса; 

- Өтініш беруші бір айда екі рет өтінім жіберсе.

«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», - делінген хабарламада.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды:

- бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;

- қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;

- қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

- бастапқы жарна - 0 пайыз.

Өзгелердің жаңалығы