Елімізде жас құтқарушылардың кезекті кадет сыныбының ашылды

20 Қазан 2023, 17:14
519
Бөлісу:
Елімізде жас құтқарушылардың кезекті кадет сыныбының ашылды
Фото: gov.kz

Жетісу облысы Талдықорған қаласының №29 лицей мектебінде Құтқарушылар күнін мерекелеу барысында «Арлан» жас құтқарушылар кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу орны сыныптың ашылуына орай салтанатты іс-шара мен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Іс-шараға Жетісу облысы ТЖД басшылығы мен қызметкерлері, Талдықорған қаласының әкімі, ата-аналар мен мектеп ұжымы қатысты.

Жетісу облысы ТЖД бастығы полковник Бекбосынов Нұрлан Сәкенұлы оқушыларды құттықтап, жас құтқарушылардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, азаматтық борышын және Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығы бойынша барлық күш-жігері үшін мұғалімдерге алғысын білдірді. Салтанатты іс-шараны өткізу барысында 6-сынып кадеттерінің салтанатты анты өткізілді.

Кадет сыныбын құрудың мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде жедел дұрыс шешім қабылдау білімі мен дағдыларын дамыту, өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бөлігінде жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу болып табылады.

Аудан әкімдігінің қолдауымен кадет 6-шы сынып оқушылары үшін құтқарушылардың үлгісі бойынша арнайы нысанды киім әзірленіп, тігілді.

Жетісу облысының білім басқармасының келісімі бойынша оқушылардың осы санаттағы оқу бағдарламасына азаматтық қорғау, алғашқы әскери даярлық, осы бағыттар бойынша мамандарды, оның ішінде ТЖД қызметкерлерін тарта отырып, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету саласында қосымша сабақтар мен факультативтік сабақтар енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл өңірдегі жас құтқарушылардың төртінші кадет сыныбы, бұған дейін Ақсу ауданында, Текелі қаласында және Жетісу облысының Панфилов ауданында осындай үш сынып ашылған болатын.

Жас құтқарушылар мектепті бітіргеннен кейін нағыз патриот болып, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға кіріседі деп үміттенеміз.

Өзгелердің жаңалығы