Елімізде жаңбырлатып суару қондырғысын шығаратын зауыт салынады

14 Мамыр 2023, 23:35
853
Бөлісу:
Елімізде жаңбырлатып суару қондырғысын шығаратын зауыт салынады
Фото: syrboyi.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің Қытайға жасаған жұмыс сапарының нәтижесінде қол жеткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өндіріс орыны «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы болып бекітілді. Алғашқы кезеңде кәсіпорын жылына 400 қондырғы шығарады.

Министр Ербол Қаршөкеевтің айтуынша, еліміз 2030 жылға дейін интенсивті суару жүйесін қолданатын егістік аумағын 2,5 есе арттыруды көздейді. Бұл шамамен 750 мың гектар жер. Ал бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін Қазақстанға озық технологиялар қажет.

Біз Қытай бойынша жаңбырлатып суару жабдықтарын шығаратын ең ірі компания саналамыз. Өніміміз әлемнің 26 еліне экспортталады. Қазақстанда ашылатын кәсіпорынның арқасында біз болашақта Орталық Азия мен Ресей нарығына шыға аламыз. Жалпы, қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасы нарығында сапалы өнім пайда болуы үшін барымызды салуға дайынбыз, - дейді жаңбырлатып суару жүйесін шығарушы компанияның президенті Чжоу Чжаньго.

Сапар кезінде тауар айналымын арттыру мен отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жағы да талқылады. Мәселен, былтыр екіжақты алыс-беріс 61 пайызға артып, 900 миллион доллардан асты. Отандық өнім экспорты екі есе ұлғайды. Сондықтан қазақстандық тарап келіссөздер барысында экспорттаушы компаниялар мен өнім тізімін ұлғайтуға ерекше мән берді.

Бүгін жұмыс тобын құруға келістік. Қазақстан мен Қытай арасында мемлекетаралық комитет бар. Соның ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын арнайы жұмыс тобын құратын болып келістік. Бұл платформа барлық мәселені жылдам әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді. Жалпы кездесу жемісті болды деп ойлаймын, - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы