Елімізде «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионаты басталды

22 Қараша 2023, 17:07
489
Бөлісу:
Елімізде  «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII  республикалық чемпионаты басталды
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 22 жасқа дейінгі аралықтағы 545 маман және 520 сарапшы қатысады.

Сайыстың үш күнінде, яғни 23-25 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзырет бойынша өз шеберліктерін ортаға салады.

Елімізде  «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII  республикалық чемпионаты басталды

Олардың ішінде кірпіш қалау, кузов жөндеу, бастауыш сыныптарға сабақ беру, бизнеске арналған IT шешімдер, қонақүйдің қабылдаушысы, аспаздық, шаштараз және т.б. бар.

Республикалық чемпионаттың қатысушыларын марапаттау рәсімі 27 қарашада өтеді.

Жеңімпаздар келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Өзгелердің жаңалығы