Елімізде ұшақ билеті бір жылда 27 пайызға қымбаттаған

11 Қазан 2022, 04:45
1174
Бөлісу:
Елімізде ұшақ билеті бір жылда 27 пайызға қымбаттаған

Елде  ұшақ билеттері бір жылда 27 пайызға қымбаттаған. Мұндай деректі «Finprom.kz» зерттеу орталығы келтірдң, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе, халықаралық рейстердің құны артқан. Оған доллар мен еуроның көтерілуі және Украинаны айналып ұшу сынды факторлар әсер етіпті. Биыл ұшақ билеттеріне сұраныс артқан. Жыл басынан шілдеге дейін әуе көлігімен 6 миллиондай адам тасымалданған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, 13 пайызға көп.

Билет бағасы өссе де, қызмет сапасы сын көтермей тұр,- дейді жолаушылар. Соңғы уақытта ұшақтардың кешігіп ұшуы да көбейген. Жазда осыған байланысты ай сайын жүздеген шағым түскен. Ал, былтыр 12 мыңдай рейс кешіккен. Оның 900-не ғана ауа райы себеп. «SCAT» пен «Qazaq Air» компанияларының әрбір 4-рейсі уақытында ұшпаған.

Заң бойынша ұшақ екі сағат кешіксе жолаушылар салқын сумен, төрт сағат тежелсе ыстық тамақпен, күндіз сегіз, түнде алты сағат кешіксе қонақ үймен қамтылуы тиіс. Бірақ, бізде бұл талаптар орындала бермейді. 

Ал Азаматтық авиация комитетінің өкілі «Міндетін дұрыс атқармаған компанияларға айыппұл салып жатырмыз» дейді.

Өзгелердің жаңалығы