Елімізде үш мыңдай адам бүйрек ауыстыру кезегінде тұр

11 Наурыз 2023, 18:27
870
Бөлісу:
Елімізде үш мыңдай адам бүйрек ауыстыру кезегінде тұр
Фото: Elorda.info

Бүйрегі ауыстырылған науқастардың саны  жыл сайын өсіп келеді. Қазір үш мыңдай қазақстандық бүйрек ауыстыру кезегінде тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Qazaqstan.tv жазуынша, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастардың саны 200 мыңнан асады. Бұл медициналық қоғамдастықтың дерегі. Дәрігерлер дертке шалдыққандардың 30 пайызында инсульт алу қаупі жоғарылап, жүрек-тамыр патологиясы пайда болуы мүмкін екенін айтты. 

Олар бүйрек ауруы - қант диабеті секілді сырқат түрлерімен бірқатарда тұрғанын ескертеді. Бүйрегі ауыстырылған науқастардың саны да жыл сайын өсіп келеді. Нефролог мамандар бүйрек ауруын асқындырмай, дәрігерге жиі қаралып тұруға кеңес береді.

Бұл аурудың риск-факторлері көбінесе бұл жоғары қан қысымы. Егер біз жоғары қан қысымын бақылап, контрольға алмасақ, онда ол 10-15 жылдан кейін бүйрек ауруына алып кеп соғып жатады. Қаншалықты ерте біз оған диагноз қойсақ, оның соңғы сатысына жібермеу мүмкіндігі өте жоғары. Сол үшін неғұрлым біз сол диагнозды ерте қойсақ, соғұрлым науқасты диализге жібермейміз, - деді  медицина ғылымдарының кандидаты Әбдіжаппар Ғайыпов.

Өзгелердің жаңалығы