Елімізде әуе шарларына тиым салу ұсынылды

31 Наурыз 2019, 12:49
2912
Бөлісу:
Елімізде әуе шарларына тиым салу ұсынылды

Алматы, BAQ.KZ. Отандық экологтар елімізде әуе шарына тиым салу қажет деген ұсыныс білдірді. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

Табиғатты сақтау және қоқыспен күресте халықаралық тәжірибеге сүйенген Экологиялық ұйым қауымдастықтары астанамыздың қоршаған ортасын қалпына келтіру бойынша стратегия әзірлеп шыққан. Олардың ойынша, әуе шарлары табиғатқа үлкен қауіп төндіреді.

Шарды жасағанда қолданатын латекс бірнеше жыл бойы шірімей жатып алады және қоршаған ортаға көп зиян келтіреді. Жан-жануарлар шар қалдықтарын тамақ екен деп оларды жейді, ал құстар оның жібіне оралып өліп жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан экологиялық ұйым қауымдастықтары экология айлығы аясында «жасыл белдеу» аумағын қоқыстан тазалау жұмысын жүргізуді ұсынды. Экологтар Есіл өзенінің арнасын тазалап, қалалық табиғи саябақ құру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы