Елімізде ҰБЖ-ның негізгі құралдары сынақтан өтіп жатыр

18 Мамыр 2023, 13:23
723
Бөлісу:
Елімізде ҰБЖ-ның негізгі құралдары сынақтан өтіп жатыр
Фото: BAQ.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құралдарын сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, «Сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу» пилоттық жобасын іске асыру аясында кейінгі оқыту және тәуелсіз сертификаттау жүргізілетін кәсіптердің тізбесі айқындалды, сондай-ақ олардың негізінде іріктелген кәсіптер бойынша оқыту жүргізілетін білім орындары анықталды. Бұл жұмысқа Атырау облысының әкімдігі мен «Еділ-Орал.kz» ЖШС сертификаттау орталығы қатысуда.

Ол тізбеде техник-электрик, техник-механик, БӨАжА технигі, электромонтажшы, құбыр жөндеуші, жоғары разрядты электрик, инженер-электрик, инженер-механик, БӨАжА инженері, инженер-жобалаушы және т.б. мамандар бойынша еңбек нарығының сұраныстары көрсетілген.

Білім беру бағдарламаларын жаңарту мақсатында келесі оқу орындары анықталды: С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі, APEC PetroTechnic Жоғары колледжі және Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі.

Сонымен қатар, «Еділ-Орал.kz» ЖШС «Электрик» бағыты бойынша біліктілік бағдарламасы мен тәуелсіз сертификаттау рәсімдері бойынша құжаттар әзірледі.

Өзгелердің жаңалығы