Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде тұрмыстық техника шығарылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сөз басында министр еліміздегі машина өндірісі туралы айтты.
Биыл 3 айда машина жасау саласындағы өсім – 24,9%. 2025 жылға қарай тұрмыстық техника өндірісін 360 мың бірлікке дейін (Silk Road Electronics – 301 470 бірлік, Almaty turmystyq tehnika зауыты – 60 мың бірлік), 160 мың жеңіл автомобиль («СарыаркаАвтоПром» ЖШС – 110 мың және Hyundai Trans Kazakhstan ЖШС – 50 мың автомобиль), сондай-ақ теміржол машина жасау тауарлары: 100 жолаушылар вагоны, (ЗИКСТО), 120 локомотив 120 бірлік (Электровоз курастыру зауыты – 44 бірлік, Локомотив курастыру зауыты – 90 бірлік), 500 бірлік платформа (ЗИКСТО), 1,5 мыңжартылай вагон (КВК) ұлғайту жоспарланып отыр, - деді Қанат Шарлапаев.
Министрдің айтуынша, елімізде тұрмыстық техника шығарылады.
Тұрмыстық техника өндірісін (еск-ЕАЭО нарығындағы бюджет тапшылығы – 9 млн доллар) қытайлық HTC Corporation компаниясы және Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы сияқты жаңа инвесторларды тарту арқылы (12 млрд теңге инвестиция, қуаттылығы 400 мың техникаға дейін) Саран қаласындағы Silk Road Electronics ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасын ұлғайту жұмысы жүргізіп жатыр, - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Бұған дейін елімізде автомобиль өндірісі артатыны хабарланды.