Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, мұндай қылмыстардың көбі соңына дейін жетпей отыр. Оған хабарламалардың шетелдік интернет-мекенжайлардан жасалатыны және олардың авторын іздестіру шараларын жүргізуге құқықтық негіздердің болмауы себеп.
Терроризм актілері туралы жалған хабарламалар санының өсуінің тұрақты үрдісі байқалады. Атап айтқанда, 2018 жылы – 147, 2019 жылы – 79, 2020 жылы – 64, 2021 жылы – 88, 2022 жылы – 227). Хабарлама жолдаушылар негізінен азаматтардың жаппай болатын орындарын атайды. Бұл халық арасында дүрбелең мен қорқыныш сезімін тудырады, эвакуациялық және тексеру шараларын ұйымдастыруға, ұйымдардың жұмысын тоқтатуға айтарлықтай материалдық шығындарға әкеледі, – деп делінген тұжырымдамада.